"Бармысың, бауырым": Қазақстанда кімдер жиі жоғалады

Сурет: Алматы әкімдігі
12 қыркүйекте Бас прокуратураның баспасөз қызметі Zakon.kz-ке іздеудегі адамдар бойынша статистика мәліметтерін айтты.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, қазір 10 748 адам іздеуде болса, оның 2 176-сы із-түзсіз жоғалған.

Хабар-ошарсыз кеткендердің көбі мына өңірлерде тіркелген:

Сонымен қатар көбіне 30 бен 49 жас аралығындағы ерлердің (77%) түрлі жағдайда жоғалып кететіні айтылды.

Сонымен бірге елде тергеу мен соттан қашып кеткен 2372 адам іздестіріліп жатыр.

"Айта кетейік, іздеуде жүргендер негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) бойынша іздеуде:

10 тамыз күні Бас прокуратураның Ресейде жасырынған қазақстандық сепаратисті экстрадициялауды талап еткені белгілі болды. Өтініш әлеуметтік желіде Орал мен Қазақстанның басқа да бірнеше қаласын Ресейге беруді талап еткен Максим Яковченконы экстрадициялауға қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды