Бортында қазақстандықтар бар ұшақ шұғыл түрде Новосібір облысындағы егістік алқабына қонды

Сурет: Батыс Сібір көлік прокуратурасы
Новосібір облысында апатты жағдайда қонған Airbus A320 ұшағының бортында Қазақстанның төрт азаматы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Baza Telegram арнасының жазуынша, барлық жолаушы қазір жергілікті Мәдениет үйіндегі уақытша орналастыру орнында.

Ұшақ Новосібірден 180 шақырымдай жердегі Убинск облысындағы бидай алқабына қонды. Бортта 170 адам, оның ішінде 23 бала болған, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Әуе компаниясы ұшақ төтенше жағдайда сәтті қонғанын растады.

Көмек беру үшін Омбыдан құтқарушылары бар Ан-26 ұшағы шықты, төтенше жағдай аймағына автобустар жөнелтілді.

Прокуратура тергеуді бастады.

Новосібір губернаторы медициналық көмек қажет болмаса да, дәрігерлер әлі оқиға орнында жүргенін айтты.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді