Қостанай облысында көбік кешінде ток соққан қыз қайтыс болды

Сурет: видеодан скриншот
Мерекелік шарада ток соққан 9 жасар қыз Қостанайдағы балалар ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 жасар қыздың өлімі туралы ақпаратты Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Ведомствоның мәліметінше, дәрігерлер баланың қаза болғанын 12 қыркүйек күні таңертең растаған.

Қызды 25 тамыз күні Ұзынкөл ауылының орталық алаңында Жастар күніне орай ұйымдастырылған көбік кешінде электр тогы соққан. Қыз ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта саралады.
"Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының " Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" деген баптың үшінші бөлігімен қайта жіктелді" 2-бөлігімен басталған тергеу осы баптың 3-бөлігімен қайта сараланады", - делінген хабарламада.
Полицейлер айтуынша, баптың санкциясы төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

30 тамызда аудан әкіміне қатаң сөгіс жарияланып, көбік кешін ұйымдастыруға жауапты Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қызметінен босатылған еді.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы