Петропавлда жұмысшы топырақ астында қалып кетіп, мерт болды

Сурет: Zakon.kz
35 жастағы коммуналдық қызметтің жұмысшысы жұмыс бабында опат болды. Шұңқырдағы ер адамның үстіне жердің беткі қабатының бір бөлігі опырылып, құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қыркүйекте Партизанская және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жазатайым оқиға орын алды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, шұңқыр қазу кезінде жердің беткі қабатының бір бөлігі опырылып, құлаған. Осылайша 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалған. Бұл туралы Петропавловск.news жазады.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында  жан тапсырды. Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тергеу шараларын қолға алды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді