Шымкентте екі жасар бала қосулы электр ет тартқышқа қолын тығып алған

Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
15 қыркүйекте сағат 21.37-де "103" қызметінен Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне жазатайым оқиғаға байланысты шақырту келіп түсті. Оқиға орнына бірден жеткен бригада шамамен екі жастағы баланың қолы электр ет тартқышта қысылып қалғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, аға фельдшер Сабденов Сержан, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Оң қолдың бірнеше сынуы" диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын босатты. Бұл кезде бала наркозбен ұйықтатылған еді". Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Қазіргі таңда баланың жансақтау бөлімінде екені нақтыланады.

Төтеншеліктер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарап, абай болуды ескертеді. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты