Екібастұзда төрт жасар бала кәріз шұңқырына түсіп кетті

Сурет: pixabay
Екібастұзда 18 қыркүйекте 4 жасар бала беті ашық қалған кәріз шұңқырына түсіп кетті. Зардап шеккен бала шамамен сағат 13:39-да ауруханаға жеткізілді. Медициналық бригада оқиға орнына бес минутта жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқыс жайтқа байланысты Pavlodarnews.kz жолдаған сауалға берген жауабында "Горводоканал" мекемесі Оңтүстік ауылына кәріз құбырын жүргізу кезінде шұңқырдың темір қақпағы бүлінгенін, қазір асфальтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

"Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем көлігі келгенге дейін баланы өз беттерімен құдықтан алып шыққан. Тізе мен арқа жарақатын алған төрт жасар бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді", – дейді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Екібастұздың полиция басқармасы аталған фактіге байланысты тексеру жүргізіп жатқаны да нақтыланады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді