Павлодарда өндіріс орнында жұмысшы зардап шекті – тергеу шаралары ұйымдастырылуда

Сурет: primeminister.kz
Павлодарда "Қазақстан алюминийі" АҚ өнеркәсіп ошағында жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Оның үстіне сілтілі ерітінді түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қыркүйекте "Қазақстан алюминийі" АҚ-да гидрометаллург-аппаратшы маман үстіне сілтілі ерітінді түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz облыстық еңбек басқармасына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда", делінген басқарма хабарламасында. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатқанын, ол үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын бөлімде екенін нақтылайды.

"Жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады, есін біледі. Беті мен сол жақ жоғарғы аяғын, денесін  22% термохимиялық күйік шалған". Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады