СҚО-дағы шошқа фермасындағы қайғылы оқиға: Адамдар өліміне не себеп болғаны айтылды

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіретін кешеніндегі оқыс оқиғаның себептерін анықтау және тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қыркүйекте EMC Agro компаниясының хабарлауынша, комиссия СҚО, Тайынша ауданында болған оқиғаны тергеуді аяқтады. Оның қорытындысы бойынша, жазатайым оқиға мен адам өлімінің себебі мыналар деп танылды:

Комиссия қайғылы жағдайдың бірінде жұмыс берушінің кінәсі - 40%, ал қалған бөлігінде жұмысшылардың кінәсі 20% деген қорытындыға келді. "ЕМС Agro" ЖШС өкілдері тергеуге көмектесе отырып, комиссия жұмысына да ат салысты. Компания басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Олардың отбасыларына 60 млн теңге көлемінде жәрдемақылар тағайындалып, материалдық және моральдық көмек көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа шаруашылығы кешенінде оқыс оқиға 1 тамызда болды. Төрт жұмысшы ауысымды өткізуге келмеген, іздеу барысында олардың денесі кәріз құдығының түбінен табылды. Адамдардың өліміне аммиактың булануы себеп болғаны анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін