Ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының прокуратурасы ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл тамыз айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі К.С. ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігінде және 216-бабы 3-бөлігінде (жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топты құру) көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.

"Күдікті жосықсыз кәсіпкерлерге жасалмаған қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал көлемі - 870 миллион теңге. Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұсталып отыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Алматы прокуратурасы

Күдіктіні ұстауды Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізді. Бүгінде қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздеу жандандырылып жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды