Ақтөбеде көлікті қызу күйде жүргізген депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Сурет: senate.parlam.kz
Ақтөбелік полицейлер көлікті қызу күйде жүргізген жергілікті мәслихат депутаты Сәния Мұратованың көлігін тоқтатты. БАҚ-тағы жарияланымдардан соң депутат өкілеттігін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 53 жастағы депутат Мұратова тізгіндеген "Лексус" көлігін патрульдік полиция қызметкерлері Баишев көшесінде тоқтатқанын хабарлады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде ішімдіктің исі сезілген, сараптамада жүргізушінің мас болғаны расталды, деп жазды Диапазон.

Полицейлер іс материалдарын сотқа тапсырды. Норма бойынша, депутат жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке дейін қамауға алынуы керек.

Ақтөбе қалалық мәслихатында хабарланғандай, оқиғадан кейін Мұратова депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде арыз жазған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған