Түркістан облысында баланы аяусыз ұрған тәрбиеші жұмысынан қуылды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында баланы қатыгездікпен жөнге салмақ болған тағы бір тәрбиеші жұмысынан айырылды. Бұл жағдай Келес ауданындағы жеке меншік балабақшалардың бірінде болған. Желіде тәрбиешінің баланы ұрған сәттерінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Еgovpress Telegram арнасында жарияланған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы сілкілеп, ұрған сәттерін көурге болады.
Облыстық білім басқармасы тергеу құпиясын алға тартып, тәрбиеші жөнінде мағлұмат беруден бас тартты. Бір анығы, ол жұмысынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.
"Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан "Ақмаржан" балабақшасы тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны сол балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Баланың анасы полиция бөліміне арыз түсірді, арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Түркістан облысының білім басқармасы.
Оқиғаның мән-жайын білу үшін Zakon.kz редакциясы облыстық полиция департаментіне хабарласты. Құқық қорғаушылар балабақшада болған жайтқа түсініктеме беруге уәде етті.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі