Жетісу облысында 5 мың тұрғын негізсіз көбейтілген салықты төлемейтін болды

Сурет: pixabay
Жетісу облысындағы Текелі қаласының прокуратурасы мәслихаттың жер салығы мөлшерлемесін 20% көтеру туралы екі шешімін жоюға қол жеткізді. Бұл 5 мың адамды негізсіз жоғары салықтан құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, мәслихаттардың шешімі "Құқықтық актілер туралы" заң талабына сәйкес әділет органдарында тіркелмеген. Тиісінше, салықты осылай ұлғайту жай ғана заңды күшке ие болмады.

Осыған қарамастан салық органы азаматтардан жер салығын жоғарылатылған мөлшерлемемен алып отырды. Текелі қаласының прокуратурасы наразылық келтіріп, мәслихат шешімінің күші жойылды.

Бұл шешім шамамен 5 мың жер пайдаланушының мүддесін қозғады. Оның 400-ден астамы - кәсіпкерлер. Қазір мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге артық төленген соманы қайтару шарасын қолға алып жатыр.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды