Храпуновтардан тәркіленген мүлікті талан-таражға салған экс-шенеуніктерге сот үкімі шықты

Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың "Эдельвейс" коттедждер қалашығында тәркіленген мүлкін сату кезінде алаяқтық жасады деп айыпталған әкімдік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz. тілші.

2023 жылғы 26 ​​қыркүйекте Медеу аудандық №2 сотында судья Залина Махарадзе Храпуновтың мүлкін талан-таражға салу ісі бойынша сотталушыларға үкім шығарды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, мынадай жаза тағайындау жөнінде шешім қабылдады:

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сонымен қатар сот "Эдельвейс" коттедждер қалашығындағы №36, 60, 61 үйлер мен жер телімдерін, сондай-ақ N№6 ғимараттағы 2 және 3 пәтерлерді мемлекет кірісіне айналдыру жөнінде шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Оларға сот мынандай айып тақты:

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2018 жылғы 8 қазанда Храпуновтар отбасының мүлкін тәркілеген. 2019 жылы Талғат Мұханов тәркіленген мүлікті әдейі төмендетілген бағамен иемденген. Ілияс Өсеров Алматы қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын әдейі төмендетіп, сауда-саттық рәсімінен бұрып әкетіп, оларды Талғат Мұхановқа әдейі төмендетілген бағамен сатуға ықпал еткен. Ал Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының бұрынғы басшысы Айнұр Құдайбергенова қызмет бабын пайдалана отырып, жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын әдейі төмендетіп, оларды сауда-саттық пен сату рәсімінен бұрып әкетіп, әдейі төмендетілген құны бойынша Талғат Мұхановтың пайдасына сатуға ықпал еткен".

Тергеушілердің мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын 819 миллион теңгеден асқан, сотталғандар оны өтеп үлгерген.

2022 жылғы 2 наурызда Ілияс Өсеров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ал 12 сәуірде оның ұсталғаны белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі вице-министрдің неліктен ұсталғанын нақтыламады.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: