Антикор Гүлвира Дөненбаева қандай айыппен ұсталғанын айтты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысының cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі , деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 қыркүйек күні жариялаған ақпаратқа сүйенсек, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жария еткен жоқ.

28 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Антикор ақпаратты растады.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді