Ақмола облысында бұрынғы ауыл әкімі суға қатысты төбелес бастаған

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Астрахан аудандық соты Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкімі «К-ға» қатысты «Ж-ның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін» әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

"Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып: "К" алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан және ауырлататын мән-жайлардың жоқ болуына байланысты оған 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салды".Ақмола облысы Астрахан аудандық соты

Сонымен бірге сот Ақмола облысы әкімінің атына жеке ұйғарым шығарды. Онда төменгі әкімдердің қызметіне бақылау жасамауға назар аударып, тиісті ден қою шараларын қабылдаған.

Сотта анықталғандай, Новый Колутон ауылында аудан әкімі "Қ. және "Ж." ЖШС қызметкері арасында соңғысының халықты сумен қамтамасыз етпеуіне байланысты ауызша қақтығыс болды.

"Жанжал кезінде "К" жұмысшының желкесінен алақанымен ұрып, оның салдарынан құлап, бетінен ұрған."К-ның" кінәсі жәбірленуші, куәгерлердің айғақтарымен расталды. Сарапшының қорытындысына сай "Ж-ның" сыдырма және көгеру түріндегі дене жарақаттары бар екені анықталды".Ақмола облысы Астрахан аудандық соты

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін