Елордада жаңа салынып жатқан ғимараттан өрт шықты

Сурет: Zakon.kz
Астанада салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында ірі өрт шықты, құрылыс материалдары өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана тұрғындары әлеуметтік желіде аспандағы түтін фотоға түсіріп, бөлісе бастады.

Өрт орнынан түсірілген суреттер myastanacity Telegram арнасында да жарияланды.

"4 қазан сағат 15:08-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Есіл ауданында Хусейн бин Талал көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында жаңа ғимараттан түтін шыққаны туралы хабарлама бойынша әрекет етті", — деді Астана қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келген соң, 200 шаршы метр аумақта салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдарының жанып жатқаны анықталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ".Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен төрт техникасы жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды