ШҚО-да үйінді астында қалып кеткен кеншіні құтқарушылар аман-есен алып шықты

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
11 қазанда Глубокое ауданы Алтай ауылындағы Ертіс кенішінде жұмыстар жүріп жатқанда қазылған тау жыныстары екі адамды басып қалды. Бірі өздігінен жер бетіне шықса, екіншісін құтқаруға мамандар жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД бастығы полковник Ерғали Бахаев және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.

1995 жылғы ер адам жер бетіне өздігінен шығып, аудандық ауруханаға жатқызылды.1991 жылғы екінші зардап шегушіге көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шахтаға түсті.

"Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің қатысуымен зардап шегушіні "Кәсіби - әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Республикалық құтқару штабы" ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының тау-кен құтқарушылары жер бетіне көтерді. Қазіргі уақытта ол адамды Апаттар меицинасы орталығының дәрігерлері тексеріп, көмек көрсетуде", делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді