Көлігін заңдастырамын деген ақмолалық 3 млн теңгесінен айырылды

Сурет: Zakon.kz
14 қазан күні Қосшы қаласының полиция басқармасына 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 21 тамыз Асылхан есімді жігіт оны алдап, 3 млн 300 мың теңгесін иемденіп алғаны туралы арыз жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктімен бір жылға жуық таныс болған. Әрі қарай әңгімелесу кезінде алаяқ сенімді жәбірленушіге шетелдік көліктерді заңдастыруда проблемалары бар адамдарға көмектесетін өзінің танысы туралы айтқан.

Сайып келгенде жәбірленуші шетелдік көліктерді заңдастырумен таныстарына көмектескісі келіп, олардың барлық ақшаларын алаяққа аңғалдықпен берген.

Ал осы жылдың тамыз айынан бастап жәбірленушінің қоңырауларына алаяқ жауап беруді тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады, оның осы алаяқтыққа қатысы тексеріліп жатыр.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді