Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ адам ағзасын саудалаған

Сурет: pixabay
Қазақстанда адам ағзасын сатып алу-сату бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы қылмысқа қатысы бар 22 фигурантты (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттар ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен.

"Келісім сомасы 6-10 миллион теңге болған, осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", – делінген хабарлама.

Тәртіп сақшылары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынғанын еске салды.

Қазір ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды