Кибералаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен Тоқаевтың бейнежазбасын өңдеп, елді алдауға кірісті

Сурет: akorda.kz
Әлеуметтік желілерде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео таралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz мамандары видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтады.


Сондықтан мұндай хабарламаға сенудің қажеті жоқ.

Бір де бір БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпарат жоқ.

Бұл жөнінде ҚР президентінің ресми сайтында да жазылмаған.

"Таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР Президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ", – делінген хабарламада.


Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді