Прокурорлар 11 мемлекеттік сатып алу жобасын заңсыз деп таныды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында прокурорлар мемлекеттік сатып алуға жеткізушілерді бәсекеге қабілетті емес тәсілмен таңдау фактілерін анықтады.

"Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы – 6 млрд теңге.​ Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды.


"Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды