Өткен демалыста Ақмола облысында 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Сурет: Қостанай облысы ТДЖ баспасөз қызметі
Демалыс күндері Ақмола облысында 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көліктерге механикалық зақым келді. Күн суытуына байланысты полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің 2023 жылғы 23 қазандағы мәліметі бойынша, өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

"Ауа райына байланысты Көкшетау – Атбасар, Көкшетау – Рузаевка, Петропавл – Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді", – делінген өңірлік полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырды.

"Өзара сыйластық пен тәртіп – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі".Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Синоптиктер Қазақстанда күн суытып, қыс жақындап қалғанын ескертті. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс