Петропавл тұрғындары көмір алу үшін сағаттап кезекке тұрып жүр

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар көмір тапшылығына байланысты оны алу үшін таңертеңнен бері кезекке тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавлдың көмір сататын дүңгіршектеріне жергілікті тұрғындар алдағы қысқа дейін қорды толтырамыз деген үмітпен толып қалған. Ең көп сұранысқа ие - Шибаркөл көмірі. Сұранысы жоғары болғандықтан бәріне бірдей жетпейді. Бұл туралы AlmatyTV мәлімдеді.

"Бұл жерде күнде кезек. Мен мұнда таңғы 7-де келдім, әлі тұрмын. Сағат 11 болды, сонда күткеніме 5 сағат болды. Кейде біз тіпті бос қайтамыз, сұраныс көп болғандықтан көмір жетпейді", – дейді Бескөл ауылының тұрғыны Болат Алдамасов.

Қатты отын алу үшін Петропавлға адамдар алыс аймақтардан келеді, бірақ барлық сауда нүктелерінде көмір жоқ. Тіпті көмір кейінгі апталарда облыстың кей жерлеріне жеткізілмегенін тұрғындар айтып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір жеткізу "бақылауда" екенін хабарлады. Облыс тұрғындарының отынның бұл түріне деген қажеттігі - 419 мың тонна. Қазір солтүстікқазақстандықтар қажет көлемнің 50%-ын ғана дайындап қойған. Ауа райы суығандықтан тұрғындар да белсенді түрде ала бастады. Сондықтан дүрбелең болды.

"Облыстың кһмір сататын жерлерінде 38 мың тонна көмір бар. Бүгін таңертең Петропавлда 2 мың тонна көмір бар екенін білдік. Шұбаркөл, Қаражар, Майкөбі көмірлері сатылып жатыр. Көмір жылу маусымы бойы әкелінеді. Біз күнделікті көмір жеткізуді бақылап отырамыз".Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Евгения Островская
Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады