Теміртауда ұйымдасқан жас қылмыскерлер қару-жарақ және есірткісімен бірге ұсталды

Сурет: Zakon.kz
22 қазан күні Қарағанды облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекетіне нүкте қойды.

Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бар екені дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмысы бойынша дәлелдемелер жинақталды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.

Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.


"Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі