Тоқаев Қарағанды облысына барды

2023 жылғы 28 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің апат болған Қарағанды облысына сапары жөніндегі ақпарат Ақорданың Telegram арнасындағы парақшасында жарияланды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді", – делінген ресми хабарламада.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұған қоса мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Шахтадағы өрт фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

"АрселорМиттал" АҚ-тың меншік құқығы Қазақстанға өтеді. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізген және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Молния
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: