Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі", – делінген Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Бұған қоса мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды".Ақорданың баспасөз қызметі
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, жиырмаға жуық адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript