"Қорғаста" сауықтыру орталығы деген атпен притон мен казино жұмыс істеген

Сурет: видеодан скриншот
Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, “Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы” АҚ аумағындағы өзін сауықтыру орталығы мен қонақүй кешені деген атпен бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған притон мен казинолардың жолын кесті.

Аталған әр нысан тәулік бойы жұмыс істеген, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етілген. Негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Қылмыстық “бизнес” жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартқан.

Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетел азаматын ұстады. Сонымен қатар интим қызметін көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді. Оның ішінде 6 шетелдік әйел бар.

"Тінту іс-шараларының нәтижесі бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Жетісу облысының полиция департаменті жүргізеді, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ҚПК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады