Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Алаяқтар әлеуметтік желілерде Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпарат таратумен айналысқан.

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды.

Polisia.kz-тің ақпаратынша, ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді. Ұсталған азамат – "Oceans Enterprise" компаниясының атынан әрекет ететін алаяқ топтың ұйымдастырушыларының бірі.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпарат таратумен айналысқан.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын – 212 млн теңге. Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астанаға жеткізіліп, қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды