Петропавлда жолға төселген асфальт екі күннен кейін опырылып қалды

Сурет: pixabay
Петропавлдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы жөнделген жол екі күн бойы қала тұрғындарына жарап тұрды. Бірақ кейін оның жағдайы жөндеуден бұрынғыдан да нашарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл тұрғындары мердігерлер төсеген жаңа асфальтқа біраз шағым жазды. Петропавл әкімдігі құрылыс компаниясы асфальт қоспасын "артығырақ күйдіріп жіберген" деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлады.

Жұмысты "Новинтех" компаниясы істеген. Әкімдік мердігермен 280 миллион теңгелік екі жылдық келісімшарт жасаған.

"2023 жылға жоспарланған сома - 118 млн теңге. Асфальт-бетон жабындысы сапасыз төселуіне байланысты сома алынды. Көшедегі жұмыс қабылданбады, ол ақау толық жөнделгеннен кейін қабылданады" Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Елеусізов

Қала әкімі Серік Мұхамедиев мердігер компания өз қаражаты есебінен жолды қайта жөндейтінін баса айтты.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды