Жетісу облысында екі адам тұтас бір орманды кесіп тастады

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында оңтүстікқазақстандық екі тұрғын мыңға жуық ағашты кесіп, орманды қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы Ақсу ауданында полицейлер тіркемесі жаңа кесілген ағашқа толған үлкен жүк көлігін тоқтатты. Оңтүстікқазақстандық екі адам Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының арасындағы тұтас орманды қиратып, ағашын алып кеткен.

"Орман белдеуінде барлығы мыңға жуық ағаш кесілді. Оның көлемі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен ("Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау") қылмыстық іс қозғалды".Жетісу облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі

Күдіктілер – Алматы және Талдықорған қалаларының тұрғындары. Ер адамдар 28 және 38 жаста. Сот "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасын белгілеу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін сенатор Нұрлан Бекенов елді көгалдандыру мәселесін көтеріп, әр үшінші ағаштың тамыр жаймағанынан бюджет қаражатын жоғалтып жатқанымызды айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды