Кәмпит пен балмұздақ ұсынған: Астанада балаға тиіскен ер адам жазаланды

Сурет: pixabay
Астанада кішкентай балаға тиіскенер адамға айыппұл салынды. Ол баланың соңынан қалмай, оны өзімен бірге бір жаққа алып кетпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқа мәлімет бойынша, Астанада тәртіп сақшылары балаға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстады. Оның бұл әрекетінен тек әкімшілік құқық бұзушылық құрамын ғана тапқандықтан, күдікті айыппұлмен құтылып кетті.

Жақында әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына түсірілген бейнежазба тарады, онда ересек адам баланың жанынан бір елі қалмай, оны қайта-қайта әңгімеге тартқаны көрсетілген. Желі қолданушылардың айтуынша, ересек ер адам балаға кәмпит пен балмұздақ ұсынып, оны өзімен біргеалып кетпек болған.

Баланың анасы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам үйдің ауласында ұлына тиіскенін айтқан. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабының 1- бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қозғады.

"Жиналған материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды, сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды