Министрлік Қазақстан халқынан заңсыз ойынханалар туралы хабарлауды сұрап, үндеу жасады

Сурет: unsplash
Туризм және спорт министрлігі заңсыз ойын бизнесімен, оның ішінде лицензиясы жоқ букмекер кеңселерімен және интернет-казинолармен күресті күшейту мақсатында ел тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстаным көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ойын бизнесіне бей-жай қарамайтын ел тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстаным көрсетуін және интернет-казинолардың, "қара" букмекер кеңселерінің және заңсыз құмар ойындар мен бәс тігудің басқа да ұйымдастырушыларының сайттарын анықтаған жағдайда URL-сілтемелерді, ілеспе материалдарды (фотолар, скриншоттар) көрсетілген мекенжайларға жіберулеріңізді сұраймыз", - делінген министрлік үндеуінде.

Мекенжайлар:

Сонымен қатар төмендегі сілтемеде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына ие субъектілердің тізімі, яғни өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын субъектілердің тізімдері жарияланған https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/activities/30029?lang=ru&parentId=29976.

Қазақстанда казино мен интернет-казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға заңнамалық лицензияларынсыз ойын бизнесін жарнамалауға қатаң тыйым салынған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды