Жылу температурасы төмендейтіні ескертілген Степногорск тұрғындарынан сабыр сақтау сұралды

Сурет: Instagram/tec_step
2023 жылы 13 желтоқсанда "Степногорск ЖЭО" ЖШС жергілікті тұрғындарға "температураның төмендеуі" мүмкін екенін ескертті. Бірақ кейінірек көпшілікті сабырға шақырып, жаңсақ ақпаратқа сенбеуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарлама "Степногорск ЖЭО" ЖШС-ның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Қазандықтарда отты қайта-қайта жағуға байланысты температураның төмендеуі күтіледі", делінген бірінші хабарламада.

Бірақ кейінірек Степногорск тұрғындарын "ЖЭО-да №5, 7 қазандықтар мен су жылыту қазандығы қайта отынға толтырылып, іске қосылды" деп сендірді.

"Қазіргі уақытта ЖЭО-дан шыққандағы жылу температурасы 75 градусты құрайды, температура біртіндеп көтеріліп келеді. Сабырлы болып, жаңсақ ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз". "Степногорск ЖЭО" ЖШС

2023 жылғы 7 желтоқсанда Степногорск қаласында (Ақмола облысы) кварталішілік жылу трассасында апатты жағдай орын алды. Салдарынан 30 градус аязда бірқатар үйлердің тұрғындары жылусыз қалды.

11 желтоқсанда Ақмола облысының әкімдігі Степногорск қаласындағы жылумен жабдықтаудың барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі