ТЖМ құтқарушылары бір тәулікте 800-ден астам адамды құтқарған

Сурет: ТЖМ
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатты аязда және боранда елдегі барлық төтенше жағдайға тәулік бойы және жедел әрекет етеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі күштері үш тәулікте 1000-нан астам адамды, оның ішінде 86 баланы құтқарды. 583 өрт сөндіріліп, 263 авариялық-құтқару және іздестіру жүргізілді.

Тек өткен тәуліктің ішінде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, әскери қызметшілермен және жол қызметтерімен бірлесіп, 887 адамды құтқарды.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

"Өрттің алдын алу үшін жылыту жүйелерінің, электр жабдықтарының дұрыстығын қадағалаңыздар. Пештерді қыздырмаңыздар және жоғары қуатты құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр жүйесін шамадан тыс жүктемеңіздер", - деп қосты министрлік.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек