Қазақстанға бет алған қырғыз азаматтарына қатысты ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы Қазақстанға сапарлайтын өз азаматтарына арналған маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР МҰҚК Шекара қызметі Ақпарат және коммуникациялар басқармасы мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 

"Алайда, Қазақстан территориясында ауа райының нашарлауына, яғни Жамбыл облысында қар ұшқындап, боран борап, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты Бішкек – Алматы халықаралық трассасында көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", делінген 2023 жылы 14 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Telegram-арнасында жарияланған үндеуде.

Қазақстанға Қырғызстаннан ағылған жүк көліктері жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ҚР МҰҚК Шекара қызметі мыналарды ұсынады:

"Бұдан бөлек, қозғалыс қайта жанданғанда Қазақстаннан қырғыз тарапына көлік құралдарының үлкен ағыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Түркістан және Жамбыл облыстарындағы республикалық трассаларды тазарту шаралары қажетті деңгейдегі нәтижені бермей жатқанын, өйткені жаңа ғана тазартылған жолдарды қар қайтадан бірден басып қалып жатқанын айтқан болатын. 

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды