Павлодарда жеке үйдің моншасы өртенді

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
18 желтоқсанда сағат 07:49-да "112" байланыс желісіне Павлодар қаласында Усолка көшесі, 37 мекенжайы бойынша жекеменшік үйдің моншасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды. 

"Төрт бөлмелі, қамыстан салынған жекеменшік үйдің ауласында жеке орналасқан ағаштан салынған нысанның шатыры отқа оранғаны белгілі болды. Қызыл жалын жайылған алаң - 50 шаршы метр. Оқиға орнында жеке құрамнан 10 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 09:01-де жойылды". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды