Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген. 

"Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды", делінген хабарламада.


Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодарда жеке үйдің моншасы өртенгені хабарланған болатын.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды