Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.
"Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан. Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған".ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Осы орайда Агенттік халықты заң бұзушылықтар жөнінде хабарлауға шықарды.
"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі".