Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы бесеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 желтоқсанда кешке "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында, Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.

"КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп киіп кетеді. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", деп жазады "Алау" басылымы өңірдегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Порталдың хабарлауынша, SsangYong көлігіндегі тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Сонымен қатар, Lada Granta-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы да жарақат алды.

Аталған фактіге сәйкес, полиция ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі, "Абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды