Маңғыстау облысында алаңдағы бас шырша құлап қалды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңға орнатылған бас шырша құлап қалды. Әкімдік өкілдері шыршаның қайта орнатылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңдағы жаңа жылдық шырша орнатылғанына бір тәулік те болмастан құлап қалды, деп жазады inAktau.

Маңғыстау аудандық әкімдігі ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бұл жайт қолайсыз ауа райына байланысты орын алғанын хабарлады.

"Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, алайда монтаж жұмыстары әлі бітпеген. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлады. Қазір ол көтеріліп, қайта орнына қойылды. Монтаждау жұмыстары да аяғына дейін жеткізілді. Жасанды шырша жаңадан сатып алынбаған, өткен жылдардан қалғаны", - деп түсіндірді құзырлы ведомство өкілі.

Айта кетсек, Павлодар орталығына биіктігі 3 метр, құны 52 млн теңгелік шырша орнатылды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді