Алматыда Қазақстанның танымал боксшысы жоғалып кетті

Сурет: Instagram/kogam_almaty
Алматыда белгілі қазақстандық боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті. 64 жастағы спортшы 14 желтоқсаннан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қоғам" жедел-іздестіру тобы Алматыда жоғалған Серік Нұрқазовты іздеп жатқанын хабарлады. Еріктілердің айтуынша, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсан күні Медеу ауданындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Серік Нұрқазов сұр қалпақ, капюшоны бар көк мамық күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар киген. Оның шашы ағарған, сақалы бар. "Қоғам" іздестіру тобының мәліметінше, қарт адамға медициналық диагноз қойылған.

Серік Нұрқазов – қазақтың атақты боксшысы. Ол 1980 жылдары КСРО құрамасында ойнаған. Ел біріншілігінің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Гаванадағы әлем чемпионатының және халықаралық Достық турнирінің күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін бокстан балалар жаттықтырушысы болды. Облыстық оқу-жаттығу орталығының меңгерушісі – облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?