Zhest_kz_official парақшасында жарияланған видеодан жасөспірімге бір топ иттің тап бергенін көруге болады. Қашқан бала жүгіріп барып көліктердің бірінің төбесіне секіріп шығып, құтырған иттерден бас сауғалайды.
Аудан әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қараусыз жүрген жануарларды аулау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бригада оқиға орнына аттанды", деп атап өтті Astana TV Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің түсініктемесін келтіріп.
Айта кетсек, Қарағанды облысында адамдарға шабуылдаған қасқырдың көзі жойылды. 21 желтоқсанда таңертең Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр адамдарға шабуылдағаны хабарланған болатын. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық аудандық ауруханаға қасқыр тістеген үш әйел көмекке жүгінген. Зардап шегушінің бірі - аяғы ауыр 32 жастағы Арайлым болған оқиғаны баяндап берді.