Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің құнды әшекей бұйымдары тәркіленді

Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымда ұстаған адамды қамады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.


"Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеріліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сай өзге ақпараттар жарияланбайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты