Шымкент тұрғыны қазақстандықтарды 32 млн теңгеге алдаған

Сурет: ҚР ІІМ
Мегаполис пен Түркістан облысының 15 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды.

Өзін білікті заңгер ретінде таныстырған ер адам сенгіш азаматтарға бизнес жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан.

Мұндай "қызметтің" құны 200 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бағаланған.

Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, полицияға арызданған. Оларға келтірген жалпы шығын сомасы 32 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Тұран АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемді ұстады.

Қазір бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды