"Майқайыңалтын" АҚ аумағынан бір құтқарушының сөмкесі табылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Автобустың болжамды орналасқан жері қазылып жатыр. Оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.

Жұмыс тау жыныстарының тұрақсыздығына және топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуына байланысты қиындай түсті. Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылды.

ТЖМ "Майқайыңалтын" АҚ аумағын қазу барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болу және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі болғандықтан, барлық маманның өміріне үлкен қауіп төніп тұр. ТЖМ мамандары халықаралық тәжірибені зерделеп, таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен кеңестер өткізді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде