Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде бүлінген көпір қалпына келтірілді

Фото: zakon.kz
Ырғыз ауданындағы Самара-Шымкент тас жолындағы ішінара бүлінген көпір су тасқынынан кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Самара-Шымкент" тас жолының 1132 шақырымындағы көпір жөнделіп, мұндағы көлік қозғалысына салынған уақытша тыйым күшін жойды. Бірінші болып Нұра ауылының тұрғындарына азық-түлік тасымалдаушы екі "Газель" көлігі көпірді басып өтті.

Жұмыс барысында 12 бірлік плита мен 100 метрлік қисық сызықты діңгектер демонтаждалып, 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді. Жөндеу жұмысына 31 маман мен 65 самосвал, 4 погрузчик, 1 автокран, 1 трал және 1 грейдер жұмылдырылды.

"28 наурызда сағат 21-00-де Ырғыз өзені үстінен өтетін көпір жабылды. Міне, бүгін, 30 наурызда сағат 13-00-де уақытша жабылған көпір ашылды. 1,5 тәулік ішінде 70-тен астам техника, 20-дан астам адам жұмылдырылды". "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ төрағасы Дархан Иманашев

Ескерте кетсек, көпірде толық жөңдеу жұмыстары әлі жалғасуда. 


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан