Баспанасыз адамдарды ұрлап, аттарына несие рәсімдеген: Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды.

Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады