Қостанай облысында су тасқыны кезеңінде 7 487 адам эвакуацияланды

Сурет: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысында су тасқыны кезеңінде 7 487 адам, оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1 239 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 943 адам, оның ішінде 322 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ, ІІМ,ЖАО, ҰҚК ШҚ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан барлығы 2237 адам, 390 бірлік техника, 142 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары және 3 бірлік әуе кемесі күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезеңінде шамамен 771,822 мың текше метр су, тәулігіне – 13860 мың текше метр су сорылды. 72,799 мыңнан астам қап салынды. 7 205 тонна инертті материалдар төгілді.

"Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары 9 елдімекенде жалғасуда: Жангелдин, Арқалық, Меңдіқара, Федоров, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қамысты аудандары, Арқалық, Қостанай және Рудный қалалары".

Су тасқынына қарсы іс-шараларға тәулік бойы дерлік коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз ететін еріктілер, бей-жай қарамайтын азаматтар үлкен көмек көрсетті.

Су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Айта кетсек, су тасқыны елдімекендегі адамдармен қатар жануарларға да қиын тиюде. 7 сәуірде Қостанайда иесіз жануарларды қабылдайтын орын су астында қалып кетті.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді