Қарағанды хайуанаттар бағында қоңыр қонжық дүниеге келді

Сурет: pixabay
Қарағанды хайуанаттар бағы тағы бір тіршілік иесімен толықты. 12 жасар Маша мен 13 жасар Тимошаның қоңыр қонжығы дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі мәліметі бойынша, бұл аюлардың алғашқы ұрпағы емес. Олардың бірнеше жыл бұрын туылған қонжықтары қазір Ташкент хайуанаттар бағын мекендейді.

"Қонжықтың дүниеге келгені туралы біз іздестіріп жүріп білдік. Оның дауысын алғаш рет қаңтар айында естідім. Басында бірнеше қонжық деп ойладық, әдетте екеуі туатын. Сүйтсек, тек біреу ғана болып шықты. Анасы қонжықты наурыз айының соңында ғана көрсетті. Қазір ана да бала да өзін жақсы сезінеді".Хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова

Жануарлар қазір күшейтілген тамақтану режиміне өткен. Оларжа күн сәулесі түсетін шатыр мен серуендеуге де жеткілікті орын бар.

Сондай – ақ, хайуанаттар бағы жақында үш түйеқұсты - екі аналық пен еркекті сатып алған.

Сурет: gov.kz

Құстар Ташкенттен әкелінген.

Айта кетейік, 2024 жылдың 13 наурызында Алматы хайуанаттар бағында да екі жаңа туған қонжық дүниеге келген.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды