"Әйелдер мен балалар тезірек қаладан кетуі керек". Дүрбелең туғызған ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

Сурет: Атырау қаласы ТЖД
Атырау тұрғындары арасында әйелдер мен балаларға қаланы тастау кетіп керектігі туралы ақпарат кеңінен тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде "әйелдер мен балалар 15-16 сәуірге дейін Атырау қаласын тастап шығуы керек. Сабақ онлайн форматқа ауысты. Тасқын су келген жағдайда жарық екі ай болмайды" деген ақпарат тарады.

"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Атыраудағы коммуналдық қызметтер төтенше жағдай режимінде қалыпты жұмыс істеуде. Атырауда тасқынның алдын алуға қатысты қауіпсіздік шаралары тәулік бойы жалғасуда". Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатыны тағы да ескертілді. 

Айта кетсек, 9 сәуірде Атырау қаласында дабыл белгісі іске қосылғаны туралы жалған ақпарат тараған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді